Қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева қазақстандық делегация құрамында CERAWeek 2025 Халықаралық энергетикалық конференциясына қатысты (Хьюстон, АҚШ). Қазақстан Республикасынан делегацияны ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев басқарды.
Сапар аясында әлемдегі ең ірі энергетикалық компаниялар – Chevron, ExxonMobil, Shell, Eni және Honeywell басшылығымен бірқатар стратегиялық маңызды кездесулер өткізілді. Келіссөздердің негізгі тақырыбы – Қазақстандағы ағымдағы жобалар және ұзақ мерзімді әріптестіктің перспективалары.
«Қазақстан энергетика секторына озық технологиялар мен инвестиция тарту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Біз саладағы әлемдік көшбасшылармен ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестік орнатуға мүдделіміз және еліміздің тұрақты дамуы мен жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кездесулер қорытындысы бойынша.
CERAWeek – АҚШ-тың Хьюстон қаласында S&P Global ақпараттық-талдау компаниясы өткізетін энергетика бойынша жыл сайынғы ең ірі конференция.