Қаржы-есеп айырысу орталығында қызметкерлерге арналған «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» тақырыбында семинары өтті.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және іскерлік этиканы сақтау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту және оларға кеңес беру шеңберінде өткізілді.
Дәурен Ақшалов ҚЕАО қызметкерлерін соңғы 3 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы новеллалар және квазимемлекеттік сектордағы және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық кейстерімен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық шараларымен таныстырды.
Іс-шара соңында спикер семинар тақырыбы бойынша қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.