Жарияланған күні: 27.03.2025

«ЖЭС, КЭС, СЭС және БиоЭС құрылысының жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу»

«ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Жоспарлау және дамыту департаментінің директоры Замира Ахметова «ЖЭС, КЭС, СЭС және БиоЭС құрылысының жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу» семинарында сөз сөйледі.

Семинар аясында Замира Ахметова іс-шараға қатысушыларға аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін түсіндірді. Атап айтқанда, ол қаржылық қамтамасыз ету түрлері мен оларды енгізу және қайтару шарттарын, электр энергиясын сатып алу шартының (PPA) ерекшеліктерін және т.б. айтып берді.

Өтінімді қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі рәсіммен толығырақ Қаржы-есеп айырысу орталығының сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://rfc.kz/res-sector/auctions/financial-support-of-the-application/

Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KOREM» АҚ және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.