Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және заманауи технологияларды пайдалана отырып, жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беруден тұрады.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық келісімшарттарды жасасу және олардың орындалуын бақылау үшін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық, инвестициялық басым және арнайы инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық преференциялар беру тәртібі көзделген.
Инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін нысаналы жеңілдіктер:
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуы бар заңды тұлға.
Инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялардың келесі түрлері қарастырылған:
Басым инвестициялық жобаға инвестициялық преференциялардың келесі түрлері ұсынылады:
Инвестициялық преференциялар түріндегі арнайы инвестициялық жоба (бұдан әрі – арнайы инвестициялық жобаға арналған инвестициялық преференциялар) үшін салықтан босату:
Инвестициялық преференциялар туралы кеңейтілген ақпарат «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ сайтында орналастырылған.