Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы маневрлік генерацияны дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасында жаңа реттеуші электр қуаттарын енгізу бойынша жұмысты жүзеге асыруда.
ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі аймағында маневрлік қуаттардың қажетті көлемін, жабдық түрін, аймағын анықтай отырып, Генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзірлеп, бекітті.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға жобаларды іріктеу мақсатында электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) әзірленді.
Аукциондық сауда-саттық Қағидаларға сәйкес 2021 жылғы 25 маусымда ҚР Энергетика министрлігі бекіткен 2021 жылға арналған генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесінің негізінде өтеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР Энергетика министрлігі аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне қосымша ақпарат енгізді (аукциондық сауда-саттықтың әрбір түрі үшін жеке), атап айтқанда:
Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган аукциондық құжаттаманы қалыптастырады және интернет-ресурста орналастырады:
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 175-бабына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша аукциондарға қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 13 маусым сағат 18.00-ге дейін ұзартылды.