Жарияланған күні: 18.05.2023

Қытайдың ең ірі электр өндірушісі Жамбыл облысында 1 ГВт қуаты жел электр станциясын салуға ниетті

16 мамыр 2023 жыл

Қытайда Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде Мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясының (МЭҚК) басқарма төрағасы Цянь Чжимин Қазақстанда станса салу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Liter.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев компанияның Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу туралы бастамасын қолдады. Сондай-ақ қытайлық инвестор Қазақстанда жел электр стансаларына қажетті құрал-жабдықтар шығаруды жолға қоймақшы.

Цянь Жимин әлеуметтік жауапкершілік аясында оның компаниясы республикамыздың оңтүстігінде қуаты 200 Гкал-ға дейін жететін жылу электр орталығын салуды жоспарлап отырғанын айтты.

Тараптар «жасыл» сутегін өндіру саласындағы ынтымақтастықтың келешегін қарастырды, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыруды талқылады.

SPIC Қытайдағы электр қуатын өндірушілердің бестігіне кіреді, оның негізінде энергетика саласы бар интеграцияланған энергетика тобы. Оның жалпы орнатылған қуаты 210 ГВт, оның ішінде таза энергия 140 ГВт құрайды, бұл жалпы көлемнің 66% құрайды.