Жарияланған күні: 30.05.2023

Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондарға қатысуға шақыру

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/563265?lang=kk

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) барлық мүдделі тұлғаларды жаңартылатын генерация объектілері құрылысының жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға қатысуға шақырады.

Жаңартылатын энергетика жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға қатысуға инвесторлардың жобаларын дайындау және егжей-тегжейлі пысықтау мақсатында Министрлік 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін және 2024-2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарын әзірлеп, бекітті.

Мүдделі тараптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС (https://rfc.kz/kk/auctions/selections) және «ЭҚРҚО» АҚ (https://vie.korem.kz/kaz/uchastie_v_torgah/uchastie_vie/) ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады.

Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген) аукциондарды өткізу графигі мен жоспары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/472835?lang=kk).

2023 жылға арналған аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат 860 МВт құрайды және мынадай электр станцияларының түрлері бойынша бөлінеді:

  • күн электр станциялары (КЭС) – 100 МВт;
  • жел электр станциялары (ЖЭС) – 500 МВт;
  • гидро электр станциялары (ГЭС) – 250 МВт;
  • биогаз электр станциялары (БиоЭС) – 10 МВт.