Жарияланған күні: 04.02.2025

Электр энергиясын сатып алудың есептік бағалары келісілді

31.01.2025 жылғы № 18-Х Бірыңғай сатып алушының және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмысын реттейтін мәселелер туралы кеңестің хаттамасына сәйкес электр энергиясын сатып алуға арналған есептік бағалар келісілді:

1. Атаулы қолдау алушылардың тізімін қалыптастыру мақсатында табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға беру үшін электр энергиясын сатып алуға 18,40 теңге/кВтсағ мөлшерінде есептік баға;

2. Цифрлық майнерлерді, жасыл энергияны тұтынушыларды, гибридті топтардың әкімшілерін, атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясын сатып алуға арналған есептік бағаны 24,68 теңге/кВтсағ мөлшерінде;

3. 1 және 2-тармақтарында көрсетілген есептік бағалар ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Хаттамамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://rfc.kz/upload/iblock/db2/9q23jrhu1hheblqsli0pvnu37akj3uxf.pdf