Жарияланған күні: 17.11.2025

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның Бас директоры тағайындалды

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС ұжымына «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС жаңа Бас директоры Арман Жаңабайұлы Шайхановты таныстырды.

Арман Шайханов 1979 жылы 25 шілдеде Павлодар облысында дүниеге келген. 2001 жылы академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Екібастұз ЖЭО» ЖШС-да машинист-шолушы болып бастаған. 2004 жылдан 2006 жылға дейін «AES-Екібастұз» ЖШС-да турбиналық жабдық бойынша қараушы-машинист, энергоблок машинисі болып жұмыс істеді. 2006-2022 жылдары «KEGOC» АҚ жетекші маманы, бөлім бастығының орынбасары, департамент директоры, басқарушы директоры болып қызмет атқарды. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «KEGOC» АҚ Алматы жүйеаралық электр желілері филиалында директоры болып жұмыс істеді.

Энергетика және басқару саласында айтарлықтай тәжірибесі бар.