Жарияланған күні: 10.12.2025

Еркін аукциондық сауда-саттық қатысушылардың назарына!

ҚР Энергетика министрлігінің «2025 жылға арналған еркін аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Жамбыл облысында 600 МВт КЭС бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтеді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға қаржылық қамтамасыз ету өтінім Қаржы-есеп айырысу орталығының пайдасына шығарылады және аукциондық сауда-саттық басталған күнге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, яғни 2025 жылғы 24 желтоқсанды қоса алғанда беріледі.

Өтінімді қаржылық қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 777 533 49 39 (Руфат).