Жарияланған күні: 17.11.2022

ISO 37001: 2016 халықаралық стандартына сәйкес парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі

2022 жылғы 16 қарашада серіктестіктің барлық қызметкерлері "TQCSI (Kazakhstan)" ISO сертификаттау жөніндегі халықаралық органының ұйымдастыруымен "ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесін жалпы түсіну"тақырыбында онлайн-вебинарға қатысты.

Вебинар барысында Tqcsi (Kazakhstan) Бас директоры Тұрдалиева Гүлжан Рахметқызы ISO 37001:2016 стандартының халықаралық талаптары туралы айтты.

Сондай-ақ, серіктестік қызметкерлеріне компания парақорлыққа қарсы күрес (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл) менеджменті жүйесі бойынша оны енгізу және сертификаттау үшін қандай сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі негізде жүзеге асыруы тиіс екендігі туралы ақпарат берілді.