«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары Сергей Алеев өңір елдерінің энергетикалық ұйымдарының өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктірген Орталық Азияның Үйлестіруші электр энергетикалық кеңесінің (ОА ҮЭК) 45-ші отырысына қатысты.
Отырыс шеңберінде қатысушылар 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу қорытындыларын, сондай-ақ электр энергетикасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарады.
Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету, өңірлік ынтымақтастықты дамыту және Орталық Азия мемлекеттерінің энергия жүйелерінің жұмысын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ ОА ҮЭК Үйлестіру және Тексеру комиссиялары қызметінің нәтижелері және энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және энергия жүйелері жұмысының тұрақтылығын арттыруға бағытталған Орталық Азияның Үйлестіруші электр энергетикалық кеңесінің 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.