Жарияланған күні: 20.01.2023

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу тақырыбындағы семинар

PR қызмет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу тақырыбындағы семинар

2023 жылдың 18 қаңтары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аясында «Жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС семинары өтті.  

Компания ұжымының алдында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері-Мирас Қарғабай, превенция қызметі басқармасының басшысы және Асан Айдарханов, превенция қызметінің сарапшысы сөз сөйледі.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы және Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, оның ішінде заңнамаға бағытталған соңғы түзетулер бойынша мәселелер қаралды:

сыбайлас жемқорлық субъектілерінің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауды енгізу;

сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін қалыптастыру;

сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тізбесін кеңейту, оларға сондай-ақ аса ірі мөлшерде ұрлау мен алаяқтық жатады;

квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін жұмысын жетілдіру және олардың қызметін әдістемелік үйлестіру.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларын жүргізу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ішкі бизнес-процестерге мониторинг, талдау және түзету жүргізу қажеттілігі мәселелері талқыланды.

Квазимемлекеттік компаниялар басшылығының жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ олардың ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардағы комплаенс қызметкерлерінің рөлі атап өтілді.

Семинар барысында белсенді пікір алмасу болып, диалог форматында қызметкерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен түсіндірмелер мен толық жауаптарын алды.