Жарияланған күні: 25.06.2024

ЖЭК жөніндегі ҚЕАО Жоспарлау және дамыту департаментінің қызметкерлері Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

ЖЭК жөніндегі ҚЕАО Жоспарлау және дамыту департаментінің қызметкерлері Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті.

Кездесу Дүниежүзілік банктің Қазақстанның көміртегі бағасы саласындағы тәжірибесі және оның энергетика секторына әсері туралы елдік есебін дайындау шеңберінде өтті.

Департамент директоры Замира Ахметова Дүниежүзілік банк өкілдерін ҚЕАО энергетика саласындағы қызметімен, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату процесімен таныстырды.