«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС электрондық шот-фактураларды жазып беру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Хаттаманың 1.2-тармағына сәйкес ҚР жаңа Салық Кодексін енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобалық кеңсесі отырысының қорытындысы бойынша (https://primeminister.kz/news/elektr-energiiasy-narygy-usin-elektrondy-sot-faktura-zazyp-beru-merzimi-salalyk-erekselikti-eskere-otyryp-keiinge-segerildi-31235) электр энергиясын және қуатының бірыңғай сатып алушы үшін электрондық шот-фактураларды жазып берудің жаңа мерзімі белгіленді - өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі айдың 27-күніне дейін.
ҚР Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы қабылданған шешім нормаларды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті қолдануды көздейді.
Жұмыста және есептеулерді жоспарлау кезінде көрсетілген өзгерісті ескеруіңізді сұраймыз.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-не хабарласа аласыз: https://rfc.kz/ru/contacts/.