Жарияланған күні: 24.09.2024

ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО бас директоры Гүлжан Нәлібаева Альберта провинциясының энергетикалық сессиясына қатысты

ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО бас директоры Гүлжан Нәлібаева «Астана» халықаралық қаржы орталығында өткен Альберта провинциясының (Канада) энергетикалық сессиясына қатысты.

Энергетикалық сессияға ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов, Канаданың Қазақстандағы елшісі Кристофер Дагган, сондай-ақ мұнай-газ және электр энергетикасы салаларындағы қазақстандық және канадалық қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Гүлжан Нәлібаева өз сөзінде Қазақстанның электр энергетикасы саласына қысқаша шолу жасады, оның ішінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделі мен оның функциялары, ЖЭК нарығының негізгі ерекшеліктері: ЖЭК объектілерінің саны, электр энергиясын өндіру көлемі және жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі мемлекеттік қолдау тетігі туралы айтып берді.