Жарияланған күні: 28.01.2025

Ташкентте Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

27 қаңтарда Ташкент қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетика ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі атынан Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов сөз сөйледі, сондай-ақ кездесуге Қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева, «KEGOC» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде «Қамбарата ГЭС-1 құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жол картасы қаралды. Жоба үш елдің күшімен жүзеге асырылуда. Жоба өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті және Орталық Азияның су ресурстарын орнықты пайдалануды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов атап өткендей, қуаттылығы 1860 МВт болатын Нарын өзеніндегі гидроэлектростанция Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың бірі бола отырып, өңірдегі ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ете алады және үш елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық өсуін ынталандырады.