Жарияланған күні: 27.08.2025

Қаржы-есеп айырысу орталығына 12 жыл!

Қаржы-есеп айырысу орталығына 12 жыл!

2013 жылғы 27 тамызда «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-сі тіркелді.
Серіктестікті ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы ретінде айқындады.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сатуды жүзеге асыратын электр энергиясын бірыңғай сатып алушы болып айқындалды.

Бүгінгі күні Қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясының жоспарлы көлемін, оның ішінде ЖЭК станцияларынан 179 (116 ЖЭК + 63 ЭПО) шарт бойынша сатып алуды жүзеге асырады.
Қуат нарығында тұтынушылармен айына 10 187,3 МВт жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге 373 шарт жасалды.  
«ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС арқылы электр энергиясын өткізетін қолданыстағы ЖЭК станцияларының саны 116 бірлікті, жалпы белгіленген қуаттылығы ~2 907 МВт құрайды.