Сираева Галина Владимировна, «ЖЭКҚ қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС қызметкері, еңбек сіңірген демалысқа шығуына байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Галина Владимировна компания құрылған сәттен бастап 11 жылдан астам уақыт бойы «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС бас бухгалтері, Қаржы департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Энергетика саласындағы жалпы еңбек өтілі 36 жылдан асады.
Галина Владимировнаны құттықтай отырып, көп жылдық адал еңбегі, адалдығы және жоғары кәсібилігі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Галина Владимировна, сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!