Жарияланған күні: 28.01.2026

Ақпараттық хабарлама

«ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 80 бұйрығымен бекітілген байқау кеңесін құру және тарату қағидаларына, байқау кеңесінің құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптарға, сондай-ақ байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу тәртібі мен олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген және Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұлғалардан 2026 жылғы 2 ақпан сағат 18:00-ге дейін kense@rfc.kz электрондық поштасына төмендегі құжаттардың сканерленген көшірмелерін жолдауды сұраймыз:
1.    осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2.    осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған сауалнама;
3.    жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4.    білім туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
    
Көрсетілген құжаттар жиналғаннан кейін Қоғам оларды тиісті саланың уәкілетті органына жолдайды. Кейіннен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеуді жүргізетін болады.